НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордадағы ITF World Tennis Tour - M25 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік Петр Бирюковпен күш сынасты.
Жиырма жастағы Б.Жукаев 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бейбіт Жукаев финалға шығу үшін әлемнің 283-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, тағы бір ресейлік Евгений Карловский немесе рейтингте 453-сатыдағы израильдік Ишай Олиэльдің біреуімен таласады.
Осы додада Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин жұптық сында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін Ж.Құламбаева ресейлік Анна Сисковамен бірге жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Влада Коваль – Анастасия Тихоновамен шеберлік байқасады. Ал Г.Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге өзбекстандық Санжар Файзиев – грекиялық Маркос Каловелонисті ұтса, жартылай финалға өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің елордадағы халықаралық турнирдің, Тимофей Скатовтың Италиядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ал Юлия Путинцева Гамбург турнирінде жеңіліп қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).