«Зілзаладан зардап шеккен түрік жұрты киіз үйлерді асыға күтуде. Себебі бұл өңірдегі тұрғындардың басым бөлігі баспанасыз қалды», - деді ҚазАқпарат тілшісі.
Тілшінің хабарлауынша киіз үйлермен қоса Қазақстан жіберген гуманитарлық жүктер бар.
Еске салсақ бұған дейін Түркия халқына көмек көрсету мақсатында Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар бірнеше киіз үй орната бастады. Бұған дейін қазақстандықтар Түркия халқына 100-ге жуық киіз үй жіберетіні туралы хабарлаған едік.