Kazinform сайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңарту пайдаланушыларға қолайлылықты арттыруға және агенттіктің цифрлық сервистерін дамытуға бағытталған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Kazinform өзінің ресми веб-сайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жаңарту пайдаланушы интерфейсін жақсартуға, навигацияны оңтайландыруға және мультимедиялық контентті орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Басты беттің құрылымы мен айдарлар жүйесі қайта қаралып, визуалды стилі жаңартылды. Жаңалықтар мен талдамалық материалдарға жылдам қол жеткізу үшін іздеу және сүзгілеу құралдары жетілдірілді. Жаңарту жаңалықтарды мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желілер арқылы жаңалық алатын аудиторияның артуын ескере отырып, фото, видео және инфографика сияқты мультимедиялық форматтармен ықпалдасуды күшейтеді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Редизайн алты тілде жұмыс істеп, саясат, экономика, қоғам, мәдениет және спорттағы негізгі оқиғаларды қамтитын Агенттіктің цифрлық дамуының келесі кезеңі болды. Жаңа интерфейс, бейімделгіш дизайн және мультимедиялық сервистің кеңеюі Қазақстан, өңір және әлем жаңалықтарын барлық құрылғыда оқырмандар үшін бұрынғыдан да қолжетімді етеді. Агенттік ақпараттық өнімнің сапасын арттыру және оны цифрлық платформаларда тұтыну шарттарын жақсарту бағытындағы жұмысын жалғастырады.

Бұған дейін Kazinform мамандары MNU студенттеріне төте жазу әліпбиін үйрететінін жазған едік.