«Казцинк» кәсіпорнындағы өрт толық сөндірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау орталығының базасында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Фото: ШҚО ТЖД

— ТЖМ күштері өртті толығымен сөндірді. Құрылымдарды бөлшектеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау орталығының базасында жедел штаб құрылды. Жағдай ТЖМ бақылауында, — делінген хабарламада.

Фото: ТЖМ

Еске салсақ, бүгін Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде жарылыс болып, арты өртке ұласты.

Кейіннен зауыттағы жарылыстан соң ауа сапасы тексеріліп жатқаны хабарланды.

Бастапқыда жарылыстан 4 адам зардап шеккені мәлім болды.

Көп ұзамай жарылыстан 9 адам зардап шеккені, олардың үшеуі ауыр жағдайда екені айтылды.

Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алғаны анықталды.