Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы мәлім етті.

Фото: Анадолы

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 5 шілдеде Астана уақытымен сағат 05:50–де (Гринвич уақыты бойынша 00:50) Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағының координаттары: 42,57° солтүстік ендік, 75,42° шығыс бойлық.

Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,1, энергетикалық класы K=9,2 болды.

Еске салайық, бұған дейін Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде де жер сілкінісі тіркелген болатын.