Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 28 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 10:31-де тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аймағында, солтүстік ендіктің 39,45 градусында және шығыс бойлықтың 73,08 градусында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7, энергетикалық класы 10,7 болды. Эпицентр 2 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жарияланған жедел деректерде жер сілкінісінің ауырлығы, құрбан болғандар немесе залал туралы ақпарат берілмеген.
Жапония жағалауында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.