Жапония жағалауында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Тынық мұхитында, Жапонияның Огасавара аралдары маңында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Синьхуаға сілтеме жасап.

жер сілкінісі
Фото: Kazinform/ЖИ

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:10 шамасында Огасавара аралдарының батысында жер сілкінген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28 градусы мен шығыс бойлықтың 139,9 градусы аралығында орналасқан.

Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 470 шақырым тереңдікте болған.

Мамандардың хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туындаған жоқ.

Бұған дейін Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарланған едік.