Қырғызстанның Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының мәліметі бойынша, 11 кандидат президент сайлауына түседі.
Олар:
* Садыр Жапаров (қазіргі президент)
* Аймен Касенов (кәсіпкер)
* Азамат Есенбеков (бизнесмен)
* Сыймык Жапыкеев (қаржы полициясының бұрынғы басшысы)
* Акай Кыдыров (кәсіпкер)
* Исхак Масалиев (Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты)
* Бактыбек Калмаматов (Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты)
* Бакытбек Адылов (Мемлекеттік көші-қон қызметінің бұрынғы төрағасы)
* Амур Айба Медер («БОйл» ЖШС директоры)
* Мәмбетжүніс Абылов (Орталық сайлау комиссиясының және Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы)
* Клара Сооронқұлова (Жоғарғы Соттың Конституциялық палатасының бұрынғы судьясы)
Кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың электрондық қолтаңбасын жинау 2026 жылдың 7 желтоқсанына дейін жалғасады. Заңға сәйкес, әр үміткер кандидат ретінде тіркелу үшін кемінде 30 000 сайлаушының қолын жинауы керек.
Тіркеу үшін қажетті құжаттар 2026 жылдың 13 желтоқсанына дейін қабылданады. Кандидаттар мен олардың уәкілетті өкілдері жетіспейтін құжаттарды белгіленген тәртіппен ұсынуға құқылы.
Президенттікке кандидаттарды тіркеу 2026 жылдың 23 желтоқсанына дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.
Қырғызстанда президент сайлауына қатысуға алғашқы кандидат 14 қазан күні өтініш берген.
Садыр Жапаров та Қырғызстан президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған.
Сонымен қатар Қырғызстандағы президент сайлауына барлығы 1,2 млрд сом (шамамен 6,06 млрд теңге) жұмсалмақ.