Қырғызстанда президент сайлауы: 81 БАҚ аккредиттелді

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы президент сайлауы науқанына қатысатын 81 БАҚ-ты аккредиттеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Фото: Қырғызстан ОСК

Комиссияның мәліметі бойынша, 19 баспа басылым, 22 теледидар және радио ұйымы, 13 радиостанция және 27 интернет-басылым аккредиттелді.

Аккредиттелген БАҚ және онлайн БАҚ Қырғызстан заңнамасына сәйкес кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын дәл және объективті түрде жариялауды қамтамасыз етуі тиіс екені атап өтілді.

Еске сала кетейік, Қырғызстандағы келесі президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарына жоспарланған.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, президент сайлауына барлығы 1,2 млрд сом (шамамен 6,06 млрд теңге) жұмсалмақ.

Қырғызстанда президент сайлауына қатысуға алғашқы кандидат өтініш берді.