Бұл жаңалық сайлау процесіне деген сенімді нығайтуға және елдегі сайлау учаскелерінде дауыс беруді онлайн бақылауға жағдай жасау мақсатында енгізілмек.
Бақылау орталығы дауыс беру күні іске қосылады.
Орталыққа азаматтар, БАҚ өкілдері, халықаралық және басқа да бақылаушылар және басқа да мүдделі тараптар белгіленген талаптарды сақтай отырып тегін кіруіне болады. Келушілер тіркеліп, уақытша бейдж алуы керек.
Келушілерге үгіт жүргізуге, құрал-жабдықтардың жұмысына араласуға немесе қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салынады. Бейнехабарларды үгіт-насихат мақсатында пайдалануға және сайлаушылардың еркін анықтауға бағытталған әрекеттерге де тыйым салынады.
Еске салайық, Қырғызстандағы келесі президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарына жоспарланған.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, президент сайлауына барлығы 1,2 млрд сом (шамамен 6,06 млрд теңге) жұмсалмақ.
Қырғызстанда президент сайлауына қатысуға алғашқы кандидат өтініш берді.