Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 9 ақпандағы жарыс кестесі

Фото: Сали Сабыров

МИЛАН. KAZINFORM – 9 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні басталды. 

Бүгін 5 қазақстандық спортшы екі спорт түрінен жарыс жолына шығады. 

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

21:30 – конькимен жүгіру, 1 000 м (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Кристина Силаева

23:00 – шаңғымен тұғырдан секіру, қалыпты тұғыр (ерлер)

Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 8 ақпан скиатлон бағдарламасында (10 км+10 км) Ұлттық құраманың екі спортшысы – Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков бақ сынады. Жарыс қорытындысында Әмірғали 45, Наиль 49-орын алды

Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындары алдындағы алғашқы жаттығуын жасады.