Қытай аумағында тағы да жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM – 24 қарашада Қытай аумағында магнитудасы 4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 20:57-де болған, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.

Фото: Анадолы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 42,43 градусы және шығыс бойлықтың 82,25 градусы аралығында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9.

Осыған дейін қазақстандық сейсмологтар Қытайда 5 балдық жер сілкінісін тіркеді.