Қазақстандық сейсмологтар Қытайда 5 балдық жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда 21 қарашада магнитудасы 5,0 жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 14:08-де тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.

Землетрясение, жер сілкінісі
Фото: Kazinform/ЖИ

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісі 2026 жылдың 21 қарашасында Астана уақыты бойынша сағат 14:08-де (Гринвич бойынша сағат 9:08) болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытайда, солтүстік ендіктің 37,22 градусында және шығыс бойлықтың 96,65 градусында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0, ал энергетикалық класы 11,9 болды. Эпицентр 65 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жарияланған жедел деректерде құрбан болғандар, залал немесе жер сілкінісінің ауырлығы туралы ақпарат берілмеген.

Бұған дейін Перудің орталығында 6,7 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік.