Қытай төмен орбиталы интернет-спутниктерінің жаңа тобын ғарышқа ұшырды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың бортына интернет-спутниктер тобын тиеген «Чанчжэн-12» («Ұлы жорық-12») зымыран-тасығышы дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында орналасқан коммерциялық ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Фото: Синьхуа
Зымыран Бейжің уақытымен сағат 15:48-де көкке көтерілді. Ғарыш аппараты төмен орбиталы интернет-спутниктердің 19-тобын жоспарланған орбитаға сәтті шығарды.
Фото: Синьхуа
Еске сала кетсек, Қытай 15 қаңтар күні 2026 жылғы ғарыштық миссиясын жерді қашықтан бақылау спутнигін ұшырумен бастағанын жаздық.
Ол кезде елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясында орналасқан Тайюань ғарыш айлағынан жерді қашықтан бақылауға арналған «Яогань-50 01» спутнигі ғарышқа ұшырылған еді.
Ал 13 қаңтар күні Қытайдың CAS Space коммерциялық аэроғарыш компаниясы суборбиталды «Лихун-1 Y1» аппаратының сынақ режиміндегі ұшырылымын сәтті орындады.
Жасұлан Сейілханов 1986 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Мамандығы – журналист. Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған. Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық газеттерде тілшілік, жетекшілік, басшылық қызмет еткен. Kazinform ХАА шығарушы редакторы.