Қытайда бес күн бойы жер сілкініп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда 25 қарашада 4,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. Дүмпу Астана уақытымен таңғы сағат 6:19-да тіркелді, деп хабарлайды Kazinform Қазақстан Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Фото: Қазақстан Ұлттық деректер орталығы

ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығы таратқан хабарламаға сәйкес, дүмпу эпицентрінің координаттары 43,59 градус солтүстік ендікте және 85,90 градус шығыс бойлықта орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4, энергетикалық класы 10,7 болды. Ошағы 30,4 км тереңде орналасқан.

Бұған дейін, Қытайда 24 қарашада Астана уақытымен сағат 20:57-де жер сілкінісі тіркелген.

Оның алдында Қазақстандық сейсмологтар Қытайда 5 балдық жер сілкінісін тіркеді.