Форум қатысушыларының ыстық ықыласына бөленген әнді қазақстандық композитор Хамит Шаңғалиев жазған.
Silk Way Star әнұранының орындалуы форумның мәдени бағдарламасындағы жарқын сәттердің біріне айналып, Қазақстанның Ұлы Жібек жолы кеңістігіндегі халықаралық гуманитарлық және медиа ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін айқындай түсті.
Еске салсақ, Silk Way Star жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені мен қытайлық China Media Group (CMG) медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды.
Silk Way Star байқауының Гранд-финалы алғаш рет 2025 жылы Астанада өткізіліп, тікелей эфирде бірден алты тілде көрсетілді.
Байқаудың барлық 10 шығарылымы Jibek Joly және Silk Way телеарналарында көрсетілді.