Қытайда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай аумағында бүгін жерасты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 болды. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Фото: Анадолы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығы ұсынған жедел мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 26 қазанда Астана уақытымен сағат 12:48-де (Гринвич уақытымен сағат 07:48-де) болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 40,28 градусы мен шығыс бойлықтың 77,92 градусының қиылысында орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы (mpv) 4,7, ал энергетикалық класы (K) 11,5 болды.

Бұған дейін Жапония жағалауында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.