Қытайдың батысында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Фото: Anadolu

Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының (CENC) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Ақсу округінің Куча уезінде орналасқан.

Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Камчаткада 5,4 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік. Жер сілкінісінің эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 324 шақырым қашықтықта орналасқан.

Оның алдында Иорданияның оңтүстігіндегі Акаба шығанағында сейсмикалық 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелгенін хабарлағанбыз, дүмпу көршілес аумақтарда да сезілді.