Екі адамның қаза тапқаны расталды, ал бір адам із-түзсіз жоғалып кетті.
7000-нан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Жергілікті билік 13 ғимараттың құлағанын хабарлайды.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, билік көлік қозғалысы қиындауы мүмкін екенін ескертеді.
Айта кетейік, 16 мамырда Қырғызстан мен Қытай шекарасында 4,8 балдық жер сілкінісі болды.
Сондай-ақ, сейсмологтар 15 мамыр түнінде Қытайда 4,5 балдық жер сілкінісін тіркегенін хабарладық.