Қытайдың танымал блогері Қазақстан туризмнің елшісі атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Kazakh Tourism Қытайдың танымал инфлюенсері Таотаоға «Қазақстан туризмінің елшісі» мәртебесін табыс етті. Блогер өзінің 7 миллиондық аудиториясына еліміздің бай мәдениеті мен табиғатын таныстырып келеді.

Фото: Қазақтуризм ҰҚ АҚ

Қытайлық инфлюенсер Қазақстанның 3 өңірімен танысып үлгерді. Ол алғаш рет елімізге 2024 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында келген. Бұл жолы Таотао Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірегей табиғи жерлерін, Астана мен Алматының айналасын аралап жүр.

Айта кетейік, бүгін елордада «Тату көрші және достық: болашаққа қадам Қытай-Орталық Азия гуманитарлық алмасу» форумы өтті. 

Қытай мен Орталық Азия елдері арасында контент жасау, технологиялармен алмасу және мәдени бағыттағы бірлескен жұмыс айрықша өзекті бола түскен.