Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, сот үкімі 2026 жылғы 18 қыркүйекте шығарылған.
Д. Әбдіқалықов пен С. Бертай ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
– Атап айтсақ, биылғы қаңтарда бұларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ҰҚК ұстаған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетейік, биыл 22 қаңтарда Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Ол кезде сот төрағасының сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс бойынша күдікке ілінгені және сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.