ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдарда заң талаптарын бұзудың 18 дерегін анықтады.
- Мемлекеттік қызметшілерге 32 сағат 8 минут демалыс уақыты берілді. Ал қашықтан жүргізілген мониторингке 21 мемлекеттік орган қамтылды. Оның ішінде 6 мемлекеттік органда 47 заң бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде 155 сағат демалыс уақыты берілді, - делінген хабарламада.
Мониторинг ақпараттық, бақылау және басқару жүйелерінің, мемлекеттік органдардың дерегі, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар негізінде жүргізіледі.
- Демалыс күндері жұмысқа шығу қажеттілігі туындаған жағдайда ол басшының тиісті шешімі негізінде алдын ала ресімделіп, жұмысқа шығу себебі, мерзімі және қызметкердің атқаратын міндеттері нақты көрсетілуі тиіс. Демалыс күніндегі жұмыс уақыты белгіленген тәртіппен есепке алынып, қызметкерге заңнамада көзделген тәртіппен демалыс уақыты немесе өзге де тиісті өтемақы берілуі қажет, - делінген хабарламада.
Бұған дейін біз Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті тарапынан облыстық жергілікті атқарушы органдарда және оларға қарасты ұйымдарда жүргізілген профилактикалық мониторинг нәтижесін жарияладық.