Үкімет басшысы жолаушылар тасымалы саласында қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
— Бірінші кезекте Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімін жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жеке компаниялардың платформаларымен интеграциялау қажет. Жұмысқа қабылдау кезінде жүргізушілерді іріктеу мәселесі ерекше назарда болуға тиіс. Такси агрегаторлары жұмысқа тек тәжірибелі және жауапкершілігі жоғары адамдарды алуы керек. Жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жол ережелерін жиі бұзған адамдар такси саласында жұмысқа қабылданбауға тиіс, — деді Олжас Бектенов.
Жолаушыларды тасымалдауға арналған көліктің техникалық жай-күйін де ескеру қажеттігі айтылды. Такси жүргізушілерінің белгіленген жұмыс уақытынан артық жұмыс істеуіне жол бермеу қажет.
— Көлік министрлігіне «Атамекен» палатасымен бірлесіп, жекеменшік такси қызметін реттеу бойынша қосымша шаралар қабылдауды, көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз етуді жалғастыруды тапсырамын. Мұның бәрі нормативтік құжаттарда нақты реттелуге тиіс. Ішкі істер министрлігі заңсыз тасымалдаушыларды анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізсін, — деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанда жаңадан көлік жүргізе бастаған азаматтарды даярлау сапасына талап күшейтіледі.
Бұған дейін Көлік министрі елдегі жол апаттарының басты себебін атаған еді.
Сондай-ақ жалған техбайқау өткізген орталықтар 3 жыл жұмыс істей алмайды.