Көлсайда Қызыл кітаптағы сирек аю камераға түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Көлсайда Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы бейнекамераға түсіп қалды. Сирек кездесетін жыртқышты ұлттық парк мамандары аумақты барлау кезінде тіркеген.

Фото: Экология министрлігі

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары аумақты барлау барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюын (Ursus arctos isabellinus) бейнекамераға түсірді.

Таулы өңірді мекендейтін сирек жануардың тіркелуі — ұлттық парктің бай биоалуантүрлілігін бақылау мен жабайы табиғатты қорғау жұмыстары үшін маңызды дерек.

Еске сала кетейік, бұған дейін кезекті аумақты барлау барысында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары мен «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері бір топ арқарларды кезіктірген болатын.

Тағы бір қызық жаңалық - жақында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет жануарлар дүниесіне тән емес сирек жыртқыш – құну (Gulo gulo) фототұзаққа түсіп қалған еді. Бұл осы салада ғылыми жаңалық ретінде тарих қойнауына еніп отыр.