«Жоғары дайындық режимі енгізілді. Никольское ауылында қатты желмен бірге циклонның екінші толқыны күтіліп отыр. Қажет болған жағдайда қосалқы энергия көздері қосылып, жедел әрекет ету шаралары қабылданады», деп мәлімдеді Камчатка үкіметі.
Никольское ауылы — Командор аралдарындағы жалғыз елді мекен, ол Камчатканың басқа муниципалитеттерінен оқшау орналасқан. Ауылда шамамен 700 адам тұрады, оған жетудің жалғыз жолы — әуе қатынасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Кариб жағалауында «Мелисса» дауылы 49 адамның өмірін қиғанын жаздық.
Ал қазан айында Филиппиндегі дүлей дауылдан 8 адам қаза тапты.