ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде бағдаршамда көлік жылдамдығын арттырып, түтіндеткендер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция жолдағы оқиғаны TikTok-тан көрген. Онда жолда қатар тұрған екі көлік бірден жылдамдықты арттырып, орнынан түтіндетіп қозғалған. Содан тәртіп сақшылары бейнежазбаны Сайрам ауданы Ақсукент ауылының Жібек жолы көшесіндегі бағдаршамның бойында түсірілгенін анықтаған.
«Авариялық жағдай туғызған көлік жүргізушілеріне қатысты хаттама толтырылды. Екі көлікте айыптұраққа қойылды» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Таразда той кортежіне түтінмен «сән берген» жүргізушіге айыппұл салынды.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.