Түркия елінің саяхатшылары кеше Байғанин, Темір аудандарына аялдап, бүгін Ақтөбе қаласында ұлттық дәмнен дәм татты. Олардың қауіпсіздігі үшін полиция ілесіп жүрді.
- Бүгін Ақтөбе қаласының патрульдік полиция қызметкерлері ұзақ уақыттан бері көлік рулінде келе жатқан түркиялық саяхатшыдарды трассада күтіп алып, жүргізуші мен жолаушылардың жай-күйін білді. Саяхатшылар алыс сапарының қауіпсіз және сәтті болып жатқанын, жақсы көңіл-күйде екенін жеткізді. Бурактың зайыбы мен кішкентай қызы да құқық қорғаушылармен жылы шырайлы жүздесті. Тәртіп сақшылары шетелдік саяхатшыларға сәт сапар тілеп, Қостанай облысының шекарасына дейін шығарып салды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев түрік саяхатшы-блогерлері Бурак Дуран және жұбайы Идил Дуран және түрік журналисі Энес Илдыриммен кездесті.