Қостанай облысында жол жабылды

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM - ҚазАвтоЖол Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

- 2026 жылғы 04 наурыз сағат 22:15-те Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолының 418-539 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай қаласынан Қарабалық ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылы 05 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Ауа райына байланысты үш өңірде көлік қозғалысы шектелді.