ҚПЛ: «Елімай» өз алаңында «Жетісуды» сүріндірді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында ХХVІ турындағы «Елімай» (Семей) - «Жетісу» (Талдықорған) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

Фото: «Жетісу» футбол клубы

Кездесу барысында талдықорғандық команда алғаш болып есеп ашты. Олардың қатарынан 7-минутта Марко Зиванович мергендік танытса, одан кейін семейләк клубтан Фессу Плакка 17, Роман Мұртазаев 21-минутта екі голмен жауап қайырды.

Осылайша «Елімай» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Ақтөбе» сырт алаңда Ақтаудың «Каспийінен» 2:1 есебімен басым түсті.

Дәл қазір «Ордабасы» (Шымкент) - «Астана», «Жеңіс» (Астана) - «Қызылжар» (Петропавл) ойнаса, 20:00-де «Қайсар»(Қызылорда) - «Атырау» шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 13 қыркүйекте 16:00-де «Ертіс» (Павлодар) - «Оқжетпес» (Көкшетау), 17:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) - «Алтай» (Өскемен), 19:00-де «Қайрат» (Қызылорда) - «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.