Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Десе де бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Екінші кезеңде шымкенттік клуб гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Нәтижесінде олардың қатарынан Жасұлан Әмір 78-минутта көзге түсті.
Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 58 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Тағы бір ойында елордалық «Жеңіс» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетсек, бұдан семейлік «Елімай» Талдықорғанның «Жетісуынан», «Ақтөбе» Ақтаудың «Каспийінен» 2:1 есебімен басым түсті.
Дәл қазір 20:00-де «Қайсар»(Қызылорда) - «Атырау» ойнап жатыр.
Сондай-ақ 13 қыркүйекте 16:00-де «Ертіс» (Павлодар) - «Оқжетпес» (Көкшетау), 17:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) - «Алтай» (Өскемен), 19:00-де «Қайрат» (Қызылорда) - «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.