Оның айтуынша, ІІМ еліміздің барлық өңіріндегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауда. Мониторинг жүргізу үшін ІІМ-нің жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылып жатыр. Көшелер, қоғамдық орындар және сайлау учаскелеріне іргелес аумақтар бейнебақылау камералары арқылы тұрақты визуалды бақылауда.
— Қалалық және аудандық бөлімшелерде кез келген өтініштер мен ақпараттарға жедел әрекет етуге дайын мобильді топтар жұмыс істейді. Жағдайды бақылау тікелей оқиға орнында да, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы да үздіксіз жүргізіліп отыр, — деп атап өтті Ш.Алекешев.
Ол азаматтардың немесе сайлау комиссияларының өтініштері бойынша полиция қажетті шараларды жедел қабылдауға дайын екенін айтты.
— Қоғамдық тәртіпті сақтап, жауапкершілік танытып отырған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Полиция қызметін жалғастырып жатыр, — деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі.
Айта кетелік ІІМ Құрылтай сайлауы бойынша жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ екендігін айтқан еді.