Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтіп жатыр

Фото: Ақорда

МӘСКЕУ. KAZINFORM - Кремльдің Георгий залында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтіп жатыр.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты.

Сапар барысында Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми пікіралмасуы кешкі ас үстінде жалғасты.

Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойып, Ресей Федералды Жиналысы Федерация кеңесінің төрағасымен кездесті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда