Ведомствоның мәліметінше, биыл 9ө10 қарашада серіктестіктің бұрынғы бас директоры В. В. Петров, оның орынбасары К. М. Кабылов және атқарушы директор — сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры А. К. Сембай ұсталған.
— Олардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бар. 11 және 12 қарашада сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген ҰҚК жауабында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сол кездегі басқарма төрағалары Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлаған едік.