«Самұрық-Қазына» және «Қазақстан темір жолы» компанияларының басшылары қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM — https://kaz.inform.kz/news/ukk-samurik-kazina-basshisinin-ustalganin-rastadi-43f84aa5/Сот «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті қамауға алуға санкция берді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 12 қарашада ұсталған олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен олар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - делінген ҰҚК мәлімдемесінде.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан темір жолы» басшыларының қамауға алынғанын растады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.