22 сәуір сағат 17:00 кезінде Жылыой ауданы Құлсары қаласында жиналған судың ортасынан шыға алмай қалған жылқылар жөнінде хабар түскен.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына аттанып, уақтылы жетті.
Олар жылқыларды судан шығарып, 9 бас малды қауіпсіз жерге айдады.
Зардап шеккендер жоқ.
Құтқару жұмысына 3 қызметкер, бір техника және қайық жұмылдырылған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жағалауға 2,7 млн құм толтырылған қап төселгенін хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Атырау облысының БҚО-мен шекарадағы Бағырлай каналына мол су келді.
Құлсары қаласынан 887 мыңнан астам текше метр су сорылды.