GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.
- https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
- https://sailau.gov.kz/kk
- https://sailau2026.gov.kz/kk
Сонымен қатар өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.
Бұған дейін ОСК бюллетень нұсқасын таныстырған болатын.
Қазақстанда сайлаушыларға арналған онлайн-сервистер іске қосылады.
Сайлау кезінде қай елдерден байқаушылар келетінін жазған болатынбыз.