Құрылтай сайлауы: Еxit poll нәтижесі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — OSI қоғамдық саясат институты Жетінші арнаның тапсырысы бойынша жүргізген экзитполдың алдын ала нәтижесін жариялады.

Фото: Kazinform / ЖИ

Жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:

1. Әділет партиясы — 72,3%
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы — 6,2%
3. Respublica партиясы — 5,2%
4. Қазақстан халық партиясы — 2,8%
5. «Байтақ» жасылдар партиясы — 0,9%
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 5,1%
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 5,0%.

Инфографика: Kazinform

Сондай-ақ зерттеу мәліметінше, сайлаушылардың 2,5%-ы «Бәріне қарсымын» деген нұсқаны таңдаған. Сауалнамаға 30 мың сайлаушы қатысқан. 

Еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті.

20:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасады.

Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.