Екі азамат жағалаудан шамамен 15 шақырым қашықтықта қайықта болған. Қайық қозғалтқышының істен шығуына байланысты олар өздігінен жағаға жете алмаған.
Құтқарушылар оқиға орнынан екі балықшыны эвакуациялап, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Айта кетелік құтқарушылар Алматы тауларында адасып қалған төрт адамды алып түскен еді.