Салтанатты жиынды департамент бастығы, полковник Ерік Төлеужанов құттықтау сөзбен ашты. Жиын барысында «Нұр Отан» ХДП жастар одағының мүшесі Мейрамбек Есжанов «Қазақстанның Тәуелсіздігі» тақырыбында арнайы баяндама жасады.
Басқосуда Төтенше жағдайлар департаментінің оң бедел-бейнесін қалыптастыруда елеулі қызметімен көзге түскен азаматтар арнайы алғысхаттармен марапатталды. Сонымен қатар аталмыш шарада бірқатар сала ардагерлеріне «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар саласының Құрметті ардагері» медалі табысталды.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.