Аталмыш шара Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен маусым айының 13-15 күндері аралығында өткізілуде. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның басты мақсаты - қанды оқиғада көз жұмған құрбандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу.
Бүгін таңғы сағат 9-дан бастап полиция қызметкерлері Облыстық медицина орталығына жиналып, өз еріктерімен қан тапсыру шарасын бастап кетті.
Қамқорлық акциясына түске дейін барлығы 50-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындықтарын дәлелдеді. Шара 15 маусымға дейін жалғасатын болады.