ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында полицейлер екінші қабаттан құлағалы тұрған сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 28 сәуір сағат 11:40 шамасында Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.
Сол үйдің тұрғыны екінші қабаттан бүлдіршіннің балконнан құлағалы тұрғанын байқап қалған.
Дереу полицияға хабарласып, оқиға жайында баяндаған.
«Оқиға орнына Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары Жандос Мәлік пен Азамат Мәмбеталиев жедел жетті. Нәтижесінде 4 жастағы бүлдіршінді құтқарып қалды. Бүлдіршінді облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір сәбидің денсаулығы қалыпты. Ол ата-анасына табыс етілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада мектепке бомба қойылғаны жөнінде жалған хабар түскен еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.