«Ұлттық бірлестік» (Nacionālā apvienība) 2010-2011 жылдары «Барлығы Латвия үшін!» және «Отан мен бостандық үшін/LNNK» күштерін біріктіру арқылы құрылған Латвияның ұлттық-консервативті саяси партиясы. Партияның төрағасы — Илзе Индриксоне. Еуропа парламентінде ол Еуропалық консерваторлар мен реформаторлар (ECR) тобына кіреді.
Кулбергстің айтуынша, партиялардың ұзақ мерзімді ынтымақтастығы мен жақын саяси ұстанымдарын ескере отырып, Ұлттық Альянспен ынтымақтастық туралы шешім қабылдау қисынға келеді. Қазан айындағы парламент сайлауында оның Біріккен тізім партиясы 35,3% дауыс жинады — бұл Латвия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бергі ең жақсы нәтиже.
«Ұлттық бірлестікке» ішкі істер, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет министрлеріне кандидаттарды бекіту ұсынылды. Кулбергс болашақ үкіметтің ұлттық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік қаржыны сауықтыру, экономикалық өсімді ынталандыру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелеріне басымдық беретінін мәлімдеді.
Үкіметтің бағдарламасы мен ынтымақтастық шарттары бойынша келіссөздер жалғасуда. Кабинетті түпкілікті құру үшін Сеймде сенім дауысын алу қажет болады.
Бұған дейін Сербияда парламент сайлауының қорытынды нәтижесі шыққанын хабарлаған едік.
Ал Жапонияда былтырғы парламент сайлауы конституцияға қайшы деп жарияланды.