Лингвистикадан республикалық олимпиада: өңірлерде мыңға жуық оқушы сынға түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 1 000-ға жуық оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанның барлық өңірінде 8–11(12)-сынып оқушылары арасында лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңі өтіп жатыр.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Зияткерлік сайысқа аудандық және қалалық кезеңдерден сәтті өткен 1 000-ға жуық оқушы қатысып отыр.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Олимпиаданың бірінші кезеңінде 9 мың оқушы өз білімін сынаған болатын.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Олимпиада оқушылардың логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілдік заңдылықтарды анықтау және стандарттан тыс шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қатысушылар тілдік құрылымдарды талдау, тілдік құбылыстарды салыстыру және логикалық пайымдау негізінде қорытынды жасау бойынша тапсырмалар орындайды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық кезеңде өз өңірлерінің намысын қорғайтын үздік қатысушылар анықталады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Республикалық кезең 2026 жылғы 30 қарашада өтеді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оған әр өңір мен ұйымнан облыстық кезеңде ең жоғары ұпай жинаған үш оқушыдан құралған команда қатысады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Осыған дейін қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада басталатынын жаздық.