Лицензиялық турнир: Сәкен Бибосынов кезекті жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің төртінші күні 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.
Фото: Аян Төлеген
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бибосынов гонконгтық Каннет Чун Хим Танмен қолғап түйістіріп, қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген болатын.
Фото: Аян Төлеген
Сондай-ақ, бүгін әйелдер арасында 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Римма Волосенко аталған турнирде үшінші жеңісіне қол жеткізіп, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Енді санаулы минуттардан кейін 92 келі салмақта Айбек Оралбай шаршы алаңға көтеріледі.
Аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлерден алты, әйелдерден бес боксшы қатысуда. 3-12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.