Никол Пашинянның Астанаға ресми сапары 20-21 қараша күндеріне жоспарланған.
- Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Армения Премьер-министрі Астанаға кеше кешке келген еді. Оны ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов күтіп алған болатын.