Мемлекеттік шекара арқылы өтетін автокөлік өткізу пункттерінің маңында көлікке бақылау күшейтілді.
Рейдтердің басты мақсаты — ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз әкетудің жолын кесу.
Жыл басынан бері ел бойынша қосымша бактарды заңсыз орнатудың 634 дерегінің жолы кесілді. Соңғы бір тәулікте ғана тағы екі дерек анықталды.
Айта кетелік Қазақстанда көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталған еді.