АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Мәдина Нұршаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Азия чемпионы М.Нұршаева 66 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Чой Хон Гюнмен шеберлік байқасты.
Бұл Мәдинаның осы біріншіліктегі бастапқы кездесуі еді.
Төрешілердің есебінше, бірінші раунда оңтүстіккореялықтың сәл басымдылығы байқалды. Екіншісінде қазақстандық есе қайырды. Үшінші кезең де тартысты өтті. Қорытындысында қазылар жеңісті кореялық боксшыға берді.
Күндізгі сессияда тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева финалға шығу үшін үндістандық Альфия Тараннум Акраммен таласады.
Қазақстандық қыздардың қалған бес бәсекесі кешкі сессияда өтеді.
Еске салайық, бүгін Азия чемпионатында 9 қазақстандық боксшының жартылай финалдық жекпе-жектері өтетінін жазған болатынбыз.
Назым Қызайбай Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Ал Жайна Шекербекова Азия чемпионатының финалына шықты.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).