— Спутниктік телеметрия деректеріне сәйкес, қар барысы түрге тән табиғи мінез-құлқын көрсетуде. Бұл деректер оның табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мамандар фототұзақтар арқылы жыртқыштың жағдайын тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр, — деп хабарлады ұлттық табиғи парктің баспасөз қызметі.
Үш айлық бақылау барысында жыртқыштың қалыпты қоректену мінез-құлқы сақталғаны және оның жақсы физикалық жағдайда екені анықталды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар сирек кездесетін жыртқышты нақты уақыт режимінде тиімді қорғауды қамтамасыз етудің маңызды негізі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қорығында күшіктерін ерткен ілбіс фототұзаққа түсіп қалған еді.