Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай референдумға қатысты

АҚТАУ. KAZINFORM – Бүгін 6 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай дауыс беретін учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі

Облыстың барлық аймағында жалпыхалықтық референдумға қатысу белсенді жалғасып жатыр. Өңірде 435 162 адам дауыс беруге құқылы. 250 учаскенің 238-і халықпен тікелей жұмыс істейді. Ал 12 жабық сайлау учаскесінде ауысым қызметкерлері, тергеу изоляторындағылар, ауруханадағы науқастар дауыс береді.

Өңір басшысы тұрғындарды референдумға қатысып, таңдау жасауға шақырды.

Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі

– Бүгін елімізде маңызды, тарихи күн. Жалпыхалықтық референдум Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, дауыс беретін тұрғындар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді болжайды, адам құқықтарын алдыңғы орынға қояды, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Еске салсақ, Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.