Маңғыстауда Кұлалы аралынан да итбалықтардың өлексесі табылды
АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық экология департаменті Құлалы аралының жағалауынан 71 итбалықтың өлексесі табылғанын хабарлады.
Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті
Департаменттің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары, балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері және Гидробиология және экология институтының мамандары 8 қараша күні Кұлалы аралының теңіз жағалауында экологиялық мониторинг жүргізген.
Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті
- Мамандар теңіз суынан зертханалық талдауларға арналған сынамалар алды. Талдау нәтижелері жануарлардың қырылу себептерін анықтауға және осы аудандағы теңіз экожүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.
Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті
Бұған дейін, Маңғыстауда Түпқараған ауданы Бозашы мүйісінен 112 итбалықтың өлексесі табылған еді. Кейін итбалықтардың неден қырылғаны белгілі болды.
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.